altyn oimaq күнделігі

«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Фарида Бадретдинова - "Райса Сән Театрының" дизайнері
«ALTYN OIMAQ» қатысушылары: Фарида Бадретдинова - "Райса Сән Театрының" дизайнері
Бес жасымнан бастап университет қабырғасына дейін мен көркемөнер мектебінде дәріс алдым.

Көркемөнер мамандығы бойынша дамуымның келесі кезеңі Ресейдің Новосибирск қаласында жоғарғы білім алуыммен жалғасты. Студенттік кезден менің ұлттық ою-өрнекке деген қызығушылығым оянып, дипломдық жұмысымның тақырыбына «татар ою-өрнегін» алдым. Сол себептен де ою-өрнек, ұлттық киім жаныма жақын. Осылайша, менің мамандық таңдауым, болашақ жұмыс орным алдын ала белгілі болды.

 

«Райсаның сән театры» авторлық ательесі менің дизайнер ретінде дамуым үшін өте жақсы бастама болды. Бұл жерде клиенттермен жұмыс, коллекциялар жасау, Шымкент қаласында 22 ел қатысқан «Аспара» сияқты ірі байқауларға қатысу арқылы кәсіби жетіліп жатырмын. Әрі қарай да жетіле беруге дайынмын.

 
news_uchastnik_farida_badretdinova_01.jpg
news_uchastnik_farida_badretdinova_03.jpg

Бүгінде кездесетін мәселе – маталар мен фурнитура таңдауының аздығында.  Мысалы, бір модель жасау кезінде жарасымды болатын не мата, не түс таңдай алмайтын кездерім болады. Бұның себебі - дүкендердегі шектеулі ассортимент.

 

«ALTYN OIMAQ» байқауына қатысу мен үшін үлкен тәжірибе әрі еліміздің шығармашыл адамдарымен танысуға мүмкіндік болмақ. Сондай-ақ жетілу үшін де үлкен мотивация.